1 адам ауруханаға жеткізілді: Қызылордада пәтер өртеніп кетті
"112" құтқару қызметіне 9 наурызда сағат 22-ден 14 минут өткенде Қызылорда қаласындағы, Сырдария шағын ауданындағы 2 в тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды .
Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер барлау жұмыстарының нәтижесінде 4 қабаттағы ауданы 3х3 шаршы метр пәтердің өртеніп жатқанын хабарлады.
Мамандардың жедел әрекет ету нәтижесінде сағат 22-ден 44 минут өткенде өрт толығымен сөндірілді. 35 адам эвакуацияланды.
"Автосатымен және баспалдақ арқылы 3 адам құтқарылды. 1 адам күйік жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қызылорда облысы ТЖД жеке құрамының 22 адамы және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды", делінген Қызылорда облысы ТЖ департаментінің хабарламасында.