Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Көшпелі семинарда мамандар тәжірибе алмасты

Көшпелі семинарда мамандар тәжірибе алмасты

«Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында көшпелі семинар өткізілді.

Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас мамандары Айтхожа Марат және Арынова Зухра, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Аяғанова Алмагүл және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының аға әдіскері Құрманаева Жанат қатысты.

Көшпелі семинар барысында Тұтынушыға бағдарланған қызмет көрсету, Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету және көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлаудың психологиялық аспектілері талқыланды.

Семинарға кент және ауылдық округі аппараттарының, дербес бөлімдердің мамандары қатысты. Қойылған сұрақтарға жауаптар мен кеңестер беріліп, өзара пікір алмасты.

Фото:Ашық дереккөзден
10 наурыз 2024 ж. 243 0