Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бейбіт өмірді қалыптастыруға атсалысқан азаматтар марапатталды

Бейбіт өмірді қалыптастыруға атсалысқан азаматтар марапатталды

Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев «Невада- Семей» антиядролық қозғалысына 35 жыл толуына орай, сынақ алаңына айналған аймақта Отан алдындағы борышын өтеген, бейбіт өмірді қалыптастыруға атсалысқан азаматтармен кездесті. Кездесу барысында қажыр-қайраты мықты жандардың кейінгі толқын үшін жасаған ерліктері үлгі-өнеге екенін атап, аудан әкімінің Алғыс хатымен және «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 35 жылдық естелік медальдарымен марапаттады.

Бұдан 35 жыл бұрын, яғни 1989 жылдың ақпанында Семейдегі сынақ полигонын жабу үшін басталған ұлы күрестің алғашқы қадамы жасалды. Полигонның жабылуы, әрісі Қазақстан халқы үшін, берісі Ертістің Семей өңірінің тұрғындары үшін теңдесі жоқ қуаныш, үлкен бақыт әкелді.

Сынақ зардаптарын жоюға аудан бойынша 61 ардагер өз борыштарын өтеген.

Кездесуде ардагерлер өздерінің естеліктерімен бөлісіп, еліміздің өркендей беруіне тілектестік білдірді.
29 ақпан 2024 ж. 291 0