Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметтер сапалы көрсетілуде

Мемлекеттік қызметтер сапалы көрсетілуде

Аудандық мәдениет және спорт бөлімі тарапынан 2 разрядты спортшы, 3 разрядты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру мемлекеттік қыз­мет­тері көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақсан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №104 бұйрығына (ҚР Әділет Министрлігінде 2020 жылғы 30 сәуірде №20529 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

Өтініштерді қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнді құрайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру куәлік немесе жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі стандартта көрсетілген құжаттар бойынша өтініш қабылданады. Егер құжаттар толық болмаған немесе спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидасына сәйкес келмеген жағдайда өтініш иесіне қайтарылады және артық құжаттарды салудың қажеттілігі жоқ екендігі түсіндіріледі.

Жаттықтырушылар, әдіскерлер, орынбасарларына жарыстың хаттамаларында (протокол) міндетті түрде спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық мәдениет және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған болуы және оның көшірмесі анық болуы қажеттілігі жайлы ескертіледі.

2023 жылдың 12 айында 7 қызмет көрсетілді. Атап айтатын болсақ, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы бойынша – 3, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер – 1 және 3 адамға спорт төрешісі берілді.

Ә.Мешітбаева,
Сырдария аудандық мәдениет және
спорт бөлімінің бас маманы
13 ақпан 2024 ж. 246 0