Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылорда мен Түркістан облыстары арасында жол жабылды

Қызылорда мен Түркістан облыстары арасында жол жабылды

Қызылорда облысының оңтүстігінде күн бұзылды. Осыған байланысты «Самара-Шымкент» автомобиль жолының бірқатар бөлігінде жол жабылды.

Қызылорда облысының оңтүстігінде қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температура көрініс берді. Салдарынан ауа райының күрт нашарлауы байқалды.

«Астана қаласының уақытымен 30 қаңтар 22:20-ден бастап республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1802-2055,5 шақырым аралығына барлық көліктің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Қызылорда қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты қамтиды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, екі күн бұрын да Қызылорда облысында Самара-Шымкент республикалық трассасы жабылған еді.


Фото: qamshy.kz
31 қаңтар 2024 ж. 372 0