Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі

"Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" үкімет қаулысына сәйкес 1 наурыздан бастап Қазақстанның барлық аумағында бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Осылайша, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.

"Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек", - делінген құжатта.

Бүгінгі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.

Қаулы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Фото: pexels.com
19 қаңтар 2024 ж. 364 0