Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ауданда халық денсаулығын жақсарту үшін медициналық мекемелер жаңартылуда

Ауданда халық денсаулығын жақсарту үшін медициналық мекемелер жаңартылуда

Сырдария ауданында денсаулық саласында жоғары жетістіктер бар. Бұл бағытта дәрігер тапшылығын төмендету, заман талабына сай ғимараттармен қамтамасыз ету, жылу қазандықтарын ауыстыру, жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында маңызды жұмыстар 2023 жылы атқарылған болатын.

Өткен жылы облыстық бюджеттен 182,4 млн теңге бөлініп, ауданға қарасты Іңкәрдария, А.Тоқмағамбетов пен Қалжан ахун ауылдарының фельдшерлік-акушерлік бекеттері күрделі жөндеуден өтті.

Ал республикалық бюджеттен бөлінген 405 млн теңгеге Н.Ілиясов ауылында жаңа амбулатория құрылысы салынып, нағилықтарға аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қатысуымен пайдалануға берілді.

Жалпы өткен жылы республикалық және облыстық бюджет көздерінен Сырдария ауданына 1,2 млрд.теңге қаржы тартылып, денсаулық саласына қатысты ғимараттарды жөндеу, салу, жылу қазандықтарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Биыл бұл жұмыстардың қатарына іргелі елді мекен Шаған ауылы мен Аманкелді ауылының дәрігерлік амбулатория ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары қосылуда. Аталған ғимараттарды жөндеуге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары бастау алды.
10 қаңтар 2024 ж. 265 0