Қармақшы ауданында жаңа амбулатория ашылды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қармақшы ауданының Дүр Оңғар ауылында жаңа амбулатория пайдалануға берілді. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев та қатысты.
Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, отандық медицинадағы жаңашылдықтардың өңірдің денсаулық сақтау саласында қолданылуы, ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту жайлы айтты.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынуы жоспарланған 27 нысанның 15-нің құрылысы былтыр аяқталды. Жаңа жыл қарсаңында Ақжар және Тұрмағамбет ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар өз қызметін бастаса, бүгін Дүр Оңғар ауылындағы амбулатория халық игілігіне табысталуда.
Биыл облыста 21 медицина нысанының құрылысы жүргізіледі. Ұлттық жобамен Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы көпбейінді орталық ауруханалар жанынан қосымша ғимараттар құрылысы басталады. Ауылдарда 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, жергілікті бюджеттен Арал ауданында «Қамқорлық» оңалту орталығы, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында ауылдық аурухана салынады. Қазір 9 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылуда. Бұл жұмыстарға 3 млрд 700 млн теңге қаралды. Облыстық психикалық денсаулық, өкпе аурулары орталықтарына күрделі жөндеу жүргізілуде. Келесі жылы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасын жөндеуге кірісеміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Құрылысты салған «Бақ-Береке 2030» ЖШС ғимараттың келушілерге жайлы болуына баса мән берген. Онда тіркеу орны, қабылдау, дәріхана, оқшаулау, физиотерапиялық емдеу, егу бөлмелері, лаборатория, архив, күндізгі емдеу стационары, жалпы тәжірибелік дәрігердің кабинеті бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасалған.

Іс-шарада Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ауыл тұрғындарын құттықтаса, Жаңажол ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақытбек Тауекелов бата берді. Сондай-ақ, мердігер мекеме өкілдері мен ауыл азаматтарының еңбегі еленіп, марапатталды.
Айта кетейік, жуырда көпбейінді облыстық аурухана жанынан 70 төсектік перинаталдық орталық халық игілігіне берілмек. Қызылорда қаласында 200 төсек-орынға арналған заманауи перинаталдық орталық құрылысы басталады. Жоба құны – 30 млрд теңге. Мамыр айында Қан орталығы табысталады.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры аймақты құны 1 млрд. 100 млн теңге тұратын онкологиялық скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті. Мұндай кешен республика бойынша 3 облыста ғана бар. Медициналық кешен компьютерлік томограф, цифрлық рентген, ультрадыбыстық аппаратпен жабдықталған. Бүгінде Арал, Қазалы аудандары және Байқоңыр қаласы тұрғындарын арнайы тексеруден өткізді, жақын күндері Қармақшы ауданының халқына қызмет көрсетеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі