Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанар-жағармай қоры бойынша тапшылық жоқ

Жанар-жағармай қоры бойынша тапшылық жоқ

Ауданда бөлшек саудадағы мұнай өнімдерінің бағалары мен қоры бойынша күнделікті мониторинг жасалып отырады. Осыған орай, ауданда жанар-жағар май қоры тұрақты бақылауға алынып, тапшылық жоқ.

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудан орталығындағы жанар-жағармай бекеттерін аралады. Аудан басшысы кәсіпкерлерге тапшылықты болдырмай, халыққа қажетті қорды жасақтап отыру жөнінде ескертті.

– Бүгінде барлық тіршілік автокөлікпен бітеді. Сондықтан тұрғындар жанар-жағар майды, сұйытылған газды көп тұтынады. Осыны ескеріп, тапшылықты болдырмау керек. Қажетті жанар-жағармай, газдың қорын алдын ала жасақтап, тұтынушылар сұранысын қамтамасыз ету қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Ауданда 6 жанар-жағар май бекеті орналасқан. Бүгінгі күнге қалыптасқан жанар-жағар май қорының көлемі: АИ-92 маркалы бензині – 65,7 тонна, АИ-95/96 маркалы бензині – 9,4 тонна, дизель отыны – 56,5 тонна.

Сонымен қатар, аудан бойынша 10 сұйылтылған газ құю бекеті бар. Газ тапшылығын болдырмау және бағаның көтерілуіне жол бермеу мақсатында шұғыл әрекет ететін жұмысшы тобы құрылып, газ құю бекеттеріне күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде. 2023 жылғы 26 желтоқсандағы мониторинг мәліметіне сәйкес, ауданда сұйытылған газдың орташа бағасы 64 теңге болса, газ қорының көлемі 21,3 тоннаны құрайды.
27 желтоқсан 2023 ж. 190 0