Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанар-жағармай бағасы өседі

Жанар-жағармай бағасы өседі

Елімізде жанар-жағармай бағасы өседі. Бұл туралы­ Ел Үкіметі тиісті шешім қа­былдады және Премьер-ми­нистр Ә.Смайылов арнайы баспасөз брифингін өткізіп, журналистердің сұрағына жауап берді.

Осыған байланысты облыс әкімі Нұр­лыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңір­дегі жанар-жағар май нарығындағы ахуал­ туралы мәжіліс өтті. Жиынға об­лыстық басқарма, аумақтық департаменттер мен құқық қорғау органдары бас­шылары, он­лайн режимде қала, аудан әкім­дері қа­тысты.

Аймақ басшысы Қазақстан мен көрші елдер арасындағы баға айырмасын тө­мендету үшін 12 сәуірден бастап жанар-жағар май бағасының көтерілуі жос­пар­­ланғанын атап өтті. ҚР Энергетика министрлігі таратқан хабарға қарағанда, литрі 182-187 теңгеден саудаланған АИ-92 және АИ-95 маркалы бензинінің ба­ғасы 205 теңгеге дейін, 230 теңгеден са­тылған дизель отынының бағасы 295 теңгеге дейін көтерілуі болжануда. Об­лыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бас­қармасының басшысы Қамбарбек Мү­ба­­раков жанар-жағар май бекеттерінің жұмысы мен ондағы қор туралы баяндады. Қазіргі таңда өңірде 32 күнге жететін АИ-92 маркалы бензині және 15 күнге же­тетін дизель отынының қоры бар екен.

Жауапты мекемелерге жанар-жағар­май тапшылығының алдын алуды, оны сыртқа тасымалдап сатуды болдырмау үшін тұрақты мониторинг жасау, бензин мен дизельдің еркін босатылуын қамта­масыз ету тапсырылды.

– Компаниялар арасында бағаны арнайылап көтеру келісіміне жол берілмеуі керек. Бағаның жоспарлы өскеніне қара­мас­тан, кәсіпкерлік субъектілері жанар-жағар майды белгіленген баға бойынша уақытылы өткізуге міндетті. Монополияға қарсы заңдылықтар түсіндірілуі тиіс. Мұн­дай жағдай орын алса, жауапкершілігі қаралатынын ескерту қажет. Көктемгі егін егу науқаны басталатын, тіршілік атау­лыға жан бітетін кезде жұмыстың бар­лығы айналып келгенде жанар-жағар майға тіреледі. Сондықтан қолдан дефицит жасамауымыз керек, – деп ескертті Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиын барысында облыстық ауыл ша­­руа­шылығы басқармасына көктемгі егін жұмыстарына дайындық барысында ша­руашылықтармен кері байланыс орнатып, орын алуы ықтимал мәселелерді жедел түрде шешу жүктелді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың жетекшiлiгiмен арнайы штаб құрыл­ды. Штаб құрамында облыстық кәсіпкер­лік және өнеркәсіп басқармасы, бәсекелес­тіктi қорғау және дамыту мен мемлекеттік кірістер департаменттері және құзырлы органдардың өкілдері бар. Штаб қала, ау­дан әкiмдiктерiмен бiрлесiп, жанар-жа­ғармай бағасы мен қажетті қорына күн­делікті бақылау жасайды. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 7 сәуірдегі жағ­дай бойынша 415 жанармай құю станциясында дизель отыны болмаған. Министрлік тапшылықты тез арада жою үшін жанармай құю станцияла­рын қосым­ша отынмен қамтамасыз ету мақ­сатында өңірлер әкімдіктерінен өті­нім­дер жинақ­таған. Сондай-ақ мемлекет өңдеу кәсіп­орындарында өндіріс тұрақ­ты­лығын қам­­тамасыз ету үшін барлық шараны қа­­былдап жатыр. Атап айтқанда, Шымкент МӨЗ-ін жөндеу жұмыс­тары мер­зімі­нен бұрын аяқталып, мұнай өнім­дерін жөнелту басталып кетті. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен отын тапшылығы бар өңірлердегі жанар­май құю бекеттеріне басымдық беріледі.

Ал «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, соңғы күндері орын алған тапшылық жанармай құю станциялары иелерінің ба­ға айырмашылығының қысқаруын күтіп, мұ­най базаларындағы отын қорын жасы­рып қалуына байланысты болып отыр. Осы­лайша, жеке мұнай базаларында ел­де бар дизель отыны көлемінің 73%-ы жинақ­талған. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың ақпаратынша, өткен апта­да 3 мыңнан астам жанармай құю станция­сына талдау жүргізілген. Бұл ретте отын бола тұра, сауда-саттық көлемі азайып кеткен нысандарға ерекше назар аударыл­ды. Яғни сатуды шектеу белгілері орын алған. Еліміз бойынша мұндай 152 жанармай құю бекеті анықталыпты. Бар­лық факті бойынша тиісті шаралар қабыл­данып жатыр.

Күні кеше үйлестіру орталығының оты­­рысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өңірдегі штабтар белсенді түрде әрекет етіп, тұрақты түрде рейдтер өткізуі керек екенін атап өтті.

«Алып-сатарлыққа және мұнай базаларында отынды «ұстап тұруға» жол бермеу керек, өйткені бұл елдің энергети­калық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. МКК, ҚМА және БҚДА-дан жанармай құю станциясындағы жағдайды бақылауды күшейтуді сұраймын. Жанар-жағармай ма­­те­риалдары бола тұрып, оны сатпай отырған нысандар анықталса, оларды заң бойынша жауапқа тарту керек. «Қаз­Мұнай­Газ» және ҚТЖ зауыттардан жос­парланған жанар-жағармай мате­риал­да­рының көлемін, әсіресе дизель отынын уақытылы және толығымен жөнелтуді жә­­не жеткізуді қамтамасыз етуі қажет» деді Р.Скляр.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
11 сәуір 2023 ж. 357 0