Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргізушілердің жауапкершілігі күшейтілді

Жүргізушілердің жауапкершілігі күшейтілді

Соңғы жылдары орын алып жатқан жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатында елімізде жүргізушілердің жауапкершілігі жылдан жылға күшейтілуде. Мәселен, енді жазғы дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынады.

ҚР ІІМ ресми мәліметінше, көлік тізгіндегендер 1 желтоқсанға дейін темір тұлпарын қысқа дайындауы керек. Олай болмаған жағдайда полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, дөңгелегін ауыстырғанға дейін мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы. Бұл ретте ең төменгі айыппұл мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни 17 250 теңге. Егер осы жағдай бір жылдың ішінде қайталанса, онда көлік жүргізушісі екі есе айыппұл төлейді.

– Бұл норма жол-көлік апаттарын болдырмау мен қыс мезгіліндегі қауіпсіздікті күшейту мақсатында енгізілуде. Дөңгелегін ауыстырмай техникалық регламентті сақтамаған көлік жүргізушісіне айыппұл салынады. Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімі тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан жүргізушілерге өзінің және жолаушының қауіпсіздігін басты назарда ұстау қажеттігін ескертеміз, – дейді полиция аға лейтенанты Олжас­ Доспанов.

Айта кетейік, құқық қорғау органының қызметкерлері көлік тізгінін кәмелетке толмаған балалар мен көлік басқару құқығы жоқ адамдарға берудің де өзіндік жауапкершілігі бар екенін жеткізеді. Сондай-ақ жылдамдықты шамадан тыс көбейтудің соңы өкінішпен аяқталуы мүмкін екенін қаперде ұстау керектігін ескертеді.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
18 қараша 2023 ж. 335 0