Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады

Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге қанша айыппұл салынады

Көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Техникалық регламент талабы осындай. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Салтанат Әзірбек айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Спикердің сөзінше, тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі бойынша қысқы уақытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушіге айыппұл салуға құқылы.

Бұл айыппұлдың ең төменгі мөлшері — 5 АЕК, егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай заңбұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады.

«Қыс таяп қалды, сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін біздің барлық көліктеріміз қысқы резеңкеге ауысуы керек. Бұл — қауіпсіздік талаптары, өйткені ірі мегаполисте алғашқы жауын-шашыннан кейін аласапыран басталады. Оның себебі — жүргізушілер қыс мезгіліне дайын емес», – дейді Салтанат Әзірбек.

Ол жүргізушілерді алдын ала қамданып, көлікті қыс кезіне ертерек дайындауға шақырды.

Полицейлер 1 қарашада осы бағыттағы профилактикалық жұмысты бастады.

Фото: ашық дереккөзден
13 қараша 2023 ж. 332 0