Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде қанша оқушы қызылша жұқтырғаны белгілі болды

Елімізде қанша оқушы қызылша жұқтырғаны белгілі болды

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова ОКҚ-да өткен брифингте қызылшаның таралуы жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың басынан бастап республикамызда қызылшаның 13 103 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 83% - 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 2,9% - жасөспірімдер, 14,1% (1854) - ересектер. Қызылшаны жұқтыру жағдайлары барлық өңірде тіркелді. Шымкентте жоғары деңгей байқалды - 2 283, Алматы қаласында - 2 217 жағдай, Жамбыл - 1 605 жағдай, Алматы – 1215 жағдай және Атырау облыстары – 940 жағдай, - деді Ахметова.

Оның сөзінше, 1,5 мың бала екпеден бас тарту себебінен вакцинацияланбаған.

Бүгінгі таңда ҚР бойынша 727 мектепте қызылшаның 1 444 жағдайы тіркелген. Бұл ретте алғашқы 72 сағат ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 2 565 байланысушы адам екпе алды. Сонымен бірге 1 552 ата-ана балаларын вакцинациялаудан бас тартты. 538 баланың медициналық кейінге шегеруі бар. Сондай-ақ 1 083 мектепке дейінгі балалар мекемесінде 1 690 жағдай тіркелген. Ошақтарда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 1 469 байланысушы адам вакцинациямен қамтылды. 1,5 мың бала вакцинациядан бас тарту себебінен вакцинацияланбаған, 936 баланың медициналық кейінге шегеруі бар, - деді ол.

Ахметова атағандай, қазіргі уақытта балалардың ата-аналары арасында да, қызылшамен ауырған адаммен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдар арасында да эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациядан бас тартуды тіркеу орын алуда.

Бұл үрдіс қызылшамен ауырғандар арасында да байқалады. Сондықтан 60%-да жұқтырған балалар вакцинациядан бас тартуға байланысты жоспарлы түрде вакцинацияланбаған, 18%-да – медициналық кейінге шегеру бойынша, 22%-да – егу жасына жетпеген, - деп айтты дәрігер.
10 қараша 2023 ж. 226 0