Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Биыл қызылша жұқтыру деректері өсті - Бас санитариялық дәрігер

Биыл қызылша жұқтыру деректері өсті - Бас санитариялық дәрігер

Биыл елімізде қызылша ауруын жұқтырудың 3 мыңнан астам оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кейінгі 10 жылда елде қызылша ауруын жұйқтыру жағдайларын қоспағанда, вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Биыл қызылшамен сырқаттану деректерінің өсуін байқап отырмыз. Қазір қызылшаны жұқтырудың 3 037 жағдайы тіркелген», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қызылша ауруы елдің барлық аймағында тіркеліп жатыр. Атап айтқанда, қызылша Алматы қаласында (1 101.), Жамбыл (430), Алматы (352), Атырау облыстарда (237), Астана (209) және Шымкент (194) қалаларында көп анықталған.

«Ауру жұқтырудың жағдайының өсуіне қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация алмаған балалардың көбеюуі себеп болып отыр. Мәселен, ауырғандардың 72 пайызында вакцинацияланбаған балалар анықталды. Оның ішінен 60 пайызында ата-аналардың вакцинациядан бас тартуына байланысты болған (1282), 20 пайызында (416) екпеге медициналық қарсы көрсетілімдері анықталды, сондай-ақ қалған 20 пайызында (431) балалар вакцина егу жасына жетпеген», - деді вице-министр.
10 тамыз 2023 ж. 266 0