Ауданда газ тапшылығының алдын алу бойынша жұмысшы топ құрылды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірдегі газ тапшылығына қатысты мәжіліс өтіп, аймақ басшысы барлық операторларға газды сатуға қатысты шектеулерді алып тастауды тапсырған болатын. Сондай-ақ, облыс орталығы мен аудандарда әлеуметтік бағамен сатылатын газды тұрғындарға босату бойынша комиссия құрып, оның ашық және әділ таратылуын қадағалауды жүктеді.
Осыған орай, ауданда газ тапшылығын болдырмау, бағаның көтерілуіне жол бермеу мақсатында шұғыл әрекет ететін жұмысшы тобы құрылып, газ құю бекеттеріне мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін топ мүшелері Ақжарма және Шаған ауылдарындағы газ құю бекеттерін аралап, бағаны қымбаттатпау және әлеуметтік газдың ашық және әділ таратылуы керектігін түсіндірді.
Жұмысшы топ құрамы күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізіп отыратын болады.