Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Президент алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық коалиция құруды ұсынды

Президент алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық коалиция құруды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық колиция құруды ұсынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Астанадағы Конгресс орталықта алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астана декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр.

Шарада сөз алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конференцияға қатысушы жастардан нақты ұсыныстар күтетінін айтты.

«Бүгінгі шарада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшылығының қатысып отырғанын пайдаланып, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаһандық ұсыну саласы оның қызметін үйлестіретін арнайы құрылым құрудан ұтатынын айтқым келеді. Мен ДДСҰ қолдауымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі мемлекеттер коалициясын құруды ұсынамын», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл коалицияның негізгі міндеті денсалулық сақтау саласындағы алдын алу принциптерін әрі қарай ілгерілету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытудың бірлескен ұсынымдарын дайындау болу керек.

«Мен бүгін жас делегаттардың алғашқы медициналық-санитариялық көмек саясаты мен тәжірибесі туралы қорытынды мәлімдемесін асыға күтемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: akorda.kz
23 қазан 2023 ж. 406 0