Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылордада тымауратқандар арасында балалардың үлесі басым

Қызылордада тымауратқандар арасында балалардың үлесі басым

Қызылорда облысында жыл басынан бері жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққандар арасында 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі басым. Олардың саны 22 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Kazinform.

Облыста жыл басынан бері 33 456 адам жедел респираторлы вирусты инфекцияға шалдыққан.

Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар үлесі – 21 971.

Ал тұмау ауруы 68 адамнан анықталды, соның 20-сы 14 жасқа толмаған балалар арасында тіркелді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты тұмаудан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынады. Осы мақсатта тұмаудың эпидахуалын тұрақтандыру және ауру деңгейін төмендету бағытында жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы вакцина сатып алынады. Биыл 84 430 доза вакцина қоймаға жеткізілді. Тұмауға қарсы иммундауға Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылады. Биылғы жылдың қазан айындағы есеп бойынша 25074 адам тұмауға қарсы екпе алды», - деді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен. 

Фото: ашық дереккөзден
14 қазан 2023 ж. 347 0