Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Таңғы асқа не тұтынған пайдалы?

Таңғы асқа не тұтынған пайдалы?

Көптеген адамдар таңғы астың маңыздылығын түсінбей, оны жіберіп алып жатады. Біреулер үлгермедім десе, енді біреулері сырт келбетімізге әсері болады деп ақталады. Шынында, бұл жай ғана сылтау екені белгілі.


 
Таңғы ас – тамақтанудың маңызды кезеңі. Ол ағзаны оятады, зат алмасуды бастайды, күні бойы жақсы жүруіңіз үшін күш пен энергия қуатын береді. Сіз егер кеңседе жұмыс жасасаңыз, күні бойы тамақтануға уақыт таппай қалуыңыз мүмкін, ал таңғы ас міндетті түрде керек. Тек қана оны әдетке айналдырыңыз. Өзіңізді қинап, артық жеп қоймаңыз. Ақырын ғана, өз тұтыну мөлшеріңізді белгілеп алып, бастай беріңіз. Уақыт өте келе, энергияңыздың күні бойы қалай жетіп артылатынын байқайсыз. Күні бойы жүгіріп, жұмыста шаршасаңыз да, кешкісін үйге шаршап, әзер келгенді доғаратын боласыз.
 
Кеңседе отырмай, үнемі қозғалыс үстінде болсаңыз, таңғы аспен күш жинап алу өте пайдалы. Мұны істемесеңіз, ағзаңыз, секундтық тамақтану үлгісін іздеп тұрады. Нәтижесінде, тамақ ішпесеңіз де, киіміңіздің өлшемі күн санап артып жатады.
 
Мұның барлығы дұрыс тамақтанбауыңыздан, таңғы асты дұрыс ішпеуіңізден келіп шығады. Дұрыс таңғы ас ішу күні бойы энергия берумен қатар, сырт келбетіңіздің дұрысталуына, тіпті артық салмақтан арылуға да көмегін тигізеді.
 
Тез дайындалатын таңғы астар
Көп адамдар таңертең жұмыртқа қуыра сап, кофені іше сап, болмаса нан мен шұжықтан жасалған бутербродты жей сап, жақсы таңғы ас іштім, күні бойы күшім көп болып жүреді деп ойлап жатады, бұл өте қате. Осылай әрбір екінші адам айтуы ғажап емес. Алайда дәл осындай таңғы астар сіздің күні бойғы жүріс-тұрысыңызға зиянын тигізеді. Алайда бұл сіз плитаның алдында тұрып, пайдалы таңғы ас дайындап тұруыңыз керек деген де сөз емес. Пайдалы таңғы ас та тез дайындалуы мүмкін. Және ол тек қана сұлы жармасы емес.
 
1. Бұл тағамды дайындау үшін кез келген пеш, қысқа толқынды пеш те жарайды. Қызанақты алып, жуып, құрғатасыз. Әр қызанақты ортасынан екі бөлікке бөліп, әр бөлігінің үстіне ірімшік қойып, пеште қыздырасыз. Пеште ол қызарып пісуі де мүмкін. Осы уақыттың ішінде сіз нан турап, қара шай құйып үлгересіз, дәл осылайша дәмді қызанақтарды қосып жейсіз. Үстінен ұсақталып туралған аскөк қосуыңызға әден болады. Дәмді, әдемі әрі пайдалы.
 
2. Алманы да пісіруге әбден болады. Сенсеңіз, өте дәмді тағам шығады. Өйткені алманың ортасына сіз бал, кептірілген жеміс, түрлі жаңғақтар қоса аласыз. Бал болмаса, бір шай қасық қант қосқаныңыз дұрыс. Алманың кескен төбесін тастамаңыз, пісірген кезде қақпақ ретінде пайдаланасыз. Мұндай таңғы ас тек балаларға ғана емес, асқазан-ішек жолдары ауыратын адамдардың көбіне ұнайтыны анық. Қант диабеті бар адамдар үшін қант не бал қоспаған дұрыс. Және де диета ұстап жүрген адамдар үшін де бұл таңғы ас қорқынышты емес. Тәтті бола тұра, бұл таңғы ас артық салмақтан арылуға жәрдемші болады.
 
3. Жаз айларында тіпті де тамақ жегің келмейтін кездері жеңіл жеміс-жидектен жасалған тіскебасар дайындауға әбден болады. Сүйікті жемістеріңізді төрт бұрыштап, дөңгелектеп тураңыз. Табиғи йогурт қосып, араластыруға болады. Ешқандай қант қосудың қажеті жоқ. Цитрус қосылса, сүтті өніммен араластыруға бола қоймас. Өйткені қышқылдың әсерінен йогуртыңыз ашып кетуі мүмкін. Сондықтан өнім онша әдемі болып шықпайды. Тағам жеңіл, калориясы аз, есесіне дәрумендері құрамында өте көп. Осылай тамақтану арқылы сіздің диетаңыз да орнында, шашыңыз да, тырнағыңыз да әдемі болары анық.
 
Патша таңғы асы
Қанша жерден әңгіме айтсаңыз да, таңғы астың ең құнды тамағы ретінде сұлы жармасы тұратыны анық. Оның құрамында пайдалы өнімдер өте көп. Ішекті жиналған неше түрлі шлактан тазалайды. Күнделікті таңғы асқа оны тұтыну арқылы сіз ағзаңыздың жақсарғанын байқайсыз. Шлак пен токсиндердің ағзадан кетуіне байланысты артық салмақ тастау процесі де жүретіні ықтимал.
 
Сұлы жармасын күнделікті тұтыну жалықтырып жібереді деп ойлаудың қажеті жоқ. Оны әр кезде әр түрлі қып дайындауға болады. Суда, сүтте, жемістер қосып, жаңғақтар қосып дайындау түрлері бар. Сұлы жармасын қарақұмыққа да ауыстыруға әбден болады. Алайда сұлы жармасынан жасалған ботқадан қашудың еш қажеті жоқ.
 
Гастрит немесе асқазан жарасы бар адамдар үшін ол өте пайдалы. Желім тәріздес қалпы арқылы ішек жолдарының қатпарларына жеңіл орналасады. Және де бөлінетін ащы қышқыл ішек жолдарын тітіркендірмей, қонымды әсер қалдыратыны анық. Ал ішек жодары тітіркенбесе, тез жазылып кетері анық. Асқыну процесі баяулай түседі. Нәтижесніде гастрит те сізді мазалағанды қояды.
 
Дүкен сөрелерінде қаптап тұрған мюслиді тамаша таңғы ас деген нұсқаулығына қызығып, сатып алуды қойған дұрыс. Біріншіден олар дүкенде ұзақ уақыт бойы тұрып қалуы мүмкін. Екіншіден олардың құрамында, жеміс-жидектердің, жаңғақтардың құрамын сақтауда көмектесетін консерванттар болуы ықтимал. Мәселен, кептірілген жеміске суық сүт немесе су құйсаңыз бірер минуттың ішінде олар ісініп шыға келмесі белгілі. Олардың ісініп, жұмсақ әрі дәмді болуы үшін оларды қайнатқан дұрыс. Сол себепті мұндай таңғы асты үй жағдайында өзіңіз дайындағаныңыз дұрыс. Бұл дайын таңғы астарды сатып алғаннан гөрі анағұрлым пайдалы әрі арзанға түседі.
 
Үй жағдайында мюсли дайындау өте қарапайым. Екі қасық сұлы жармасын ұйықтар алдында бірнеше қасық жылы қайнаған су құйып (ыстық болмауы тиіс), бұқтырыңыз. Таңертең суын төгіп, бұқтырылған жармаға мейіз немесе үккіштен өткен алма қосу керек. Болмаса жаңғақтар, кез келген кептірілген жеміс те қосуға әбден болады. Сондай-ақ оны айран немесе йогурт араластырып жеу қажет, ал тәтті қылу үшін балды пайдалансаңыз жеткілікті.
 
Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com
09 мамыр 2018 ж. 4 438 0