Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар осы оқу жылында неше күн демалады

Қазақстандық оқушылар осы оқу жылында неше күн демалады

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023–2024 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, 25 мамырда аяқталады. Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.
Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы, қысқы каникул 2023 жылдың 29 желтоқсанында басталады, 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады", - деп жазды министрліктен.

Айта кетейік, жыл сайын бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша демалыстар беріледі, ұзақтығы 7 күн – 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі уақытты қамтиды.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.

Фото: ашық дереккөзден
05 қазан 2023 ж. 239 0