Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Оқушылар көктемде қанша күн демалады?

Оқушылар көктемде қанша күн демалады?

Оқу-ағарту министрлігі 9 күнге созылатын көктемгі демалыс күндерін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Оқушылардың көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурыз аралығында, яғни 9 күн демалады», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.

Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы:

1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:
1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қараша аралығы);
2 тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 9 күн (18-нен 26 наурыз аралығы);
4 тоқсан – 10 оқу аптасы.
16 наурыз 2023 ж. 456 0