Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№99

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Еліміздің бірқатар өңірлерінде жылыту маусымы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жылыту маусымы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында басталған.

Ведомствоның хабарламасында: «Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96%-ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8%-ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8%-ы қосылған», делінген.

3 қазанда Алматы облысында, 10 қазанда Ұлытау облысында, 15 қазанда Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылытуға қосылу күтіліп отыр.

Жылыту маусымын Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан бастау жоспарланған.

Фото: pixabay
02 қазан 2023 ж. 480 0