«Достық үйі» жөнделді
Жалпы, кез келген әкімшілік аумақтың келбеті көркейіп, жаңара түскені жақсы. Тұрғын үйлер мен мекеме ғимараттарының сыртқы келбетінің де заман талабына сай жаңарып, жаңғыртылып тұрғаны дұрыс.
Осыдан бірнеше ай бұрын аудан әкімі Берік Сәрменбаев пен «Абай-Дәулет» ЖШС төрағасы Мұрат Сәрсенбаев аудан ардагерлерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаған болатын. Келелі кездесу аудандық «Достық» үйінің ардагерлер бөлмесінде ұйымдастырылған бильярдтан турнир барысында жүзеге асты. Сонда аудан ардагерлері жергілікті кәсіпкерге «Достық» үйін күрделі жөндеуден өткізуге демеушілік көмек көрсетуді сұраған еді.
Осыдан бірнеше ай бұрын аудан әкімі Берік Сәрменбаев пен «Абай-Дәулет» ЖШС төрағасы Мұрат Сәрсенбаев аудан ардагерлерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаған болатын. Келелі кездесу аудандық «Достық» үйінің ардагерлер бөлмесінде ұйымдастырылған бильярдтан турнир барысында жүзеге асты. Сонда аудан ардагерлері жергілікті кәсіпкерге «Достық» үйін күрделі жөндеуден өткізуге демеушілік көмек көрсетуді сұраған еді.
Көп ұзамай аймаққа белгілі меценат, «Абай-Дәулет» ЖШС төрағасы Мұрат Сәрсенбаев ардагерлер үніне құлақ асып, аталған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп берді. Бүгінде ғимараттың сырты сырланып, әктеліп ерекше сән кіріп, айрықша кейіпке енді. Өз кезегінде аудан ардагерлерінің атынан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Мұса Келдібаев ғимаратқа жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын жоғары бағалап, жергілікті кәсіпкерге алғысын айтты.
– Бәрімізге белгілі, 2015 жылдың наурыз айында сол кездегі аудан әкімінің қолдауымен «Ассамблея жылы» аясында ауданымызда «Достық үйі» ашылды. Қазіргі таңда «Достық үйінің» шаңырағының астында аудан аумағындағы үкіметтік емес ұйымдар жұмыс жасауда. Сонымен қатар қоғамдық ұйымдар мен ассамблея мүшелерінің жұмыс жасауына ресурстық орталық және кітапхана ашылған. Онда компьютерлер интернетке қосылып, телефон, фото-бейне аппаратурамен, 15 000-ға жуық кітап қорымен қамтамасыз етілген және тиісті мамандар жұмыс істеуде. 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні «Достық үйінің» ардагерлер бөлмесінде бильярдтан турнир өтетін болды. Іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев қатысты. Аудан басшысы жанына облысқа белгілі меценат, іскер азамат «Абай-Дәулет» ЖШС-нің құрылтайшысы Мұрат Сәрсенбаевты ертіп әкелді. Өз кезегінде Мұрат Абайұлы мереке құрметіне «Достық үйін» демеушілік есебінен жөндеп беретінін айтты. Көп ұзамай құрылысшылар іске кірісіп, ғимараттың ішкі және сыртқы қас бетіне құрылыс жұмыстарын жүргізді. Ғимаратты жөндеуден өткізіп, азаматтық танытқан ардақты азаматқа қоғамдық ұйым өкілдері, ардагерлер шексіз алғыстарын білдіреді, – дейді Мұса Алпысбайұлы.
Айта кетейік, «Достық» үйінде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №1 филиалы, аудандық және Тереңөзек кентінің ардагерлер кеңесі, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы, «Сырдария» қоғамдық қоры, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры, Ауған соғысы ардагерлер ұйымы секілді үкіметтік емес ұйым мүшелері орналасқан. Бұл ретте, жергілікті кәсіпкер ардагерлерге қай кезде де лайықты құрмет көрсету керектігін тілге тиек етті.
Балтабай ОРДАБЕКОВ