Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең тиімді инвестиция – білімге салынған инвестиция

Ең тиімді инвестиция – білімге салынған инвестиция

Енді бір айдан кейінгі уақытта жаңа оқу жылы басталады.­ Бар нәрсенің бастауы білімде десек, осы білім беру саласы ел болашағын жарқын етеді. Сондықтан жыл са­йын бұл салаға мол инвестиция құйылады. Осы жылы да мектеп бітірген тү­лектерге көптеген мемлекеттік грантқа қаржы бөлінді. Осы­ған байланысты Сырдың жас талапкерлері еліміздің түк­пір-түкпіріндегі жоғары оқу орындарына оқуға түсуге талпыныс білдіруде.

Қызылорда облысының әкімдігі тарат­қан ресми мәліметке сүйенсек, 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бо­йынша 11 сыныпты бітіруші 8051 түлектің 7219-ы немесе 89,6 пайызы ҰБТ-ға қатысты. Түлектердің орташа балы 87-ні құрады. Олардың ішінде 1213 түлек 100 және одан жоғары балл жинаған. Шекті деңгейден өтпегендер саны (49 балдан төмен) – 223. Облыс бойынша ең жоғары – 137 балды Арал ауданындағы №220 орта мектептің түлегі алды. Сондай-ақ Қызылорда қаласының сынақ тапсырушылары 134, Сырдария, Қазалы, Қар­мақшы аудандары және №9 Білім-инновация лицейінің түлектері 133 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті. Бүгінде осы түлектердің 6996-ы мемлекеттік грант конкурсына қатысуда.

Жалпы, бүгінде оқушылардың сапа­лы білім алуы үшін бар жағдай жасалып келеді. Өңірде білім ошағы саналатын мектептерді жаңарту жұмыстарында қарқын бар. Осы тұста, Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 800 мың орынға лайықталған білім ошақтарын салуға тапсырма берді. Сол негізде ұлттық жоба аясында облыс­та 2023-2025 жылдары 15 100 орынға арналған 21 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Атап айтқанда, Қызыл­орда қаласында 8, Арал ауданында 4, Қазалы ауданында 2, Қармақшы ауданында 2, Жалағаш ауданында 1, Сырдария ауданында 1, Шиелі ауданында 1, Жаңақорған ауданында 2 мектеп салынады.

«Бүгінде аймақта 6 апатты, 6 үш ауысымдық оқытуға көшуі мүмкін мектеп бар. Қазір Арал ауданы Тоқабай елді ме­кеніндегі апатты №248 мектепті жеке ­инвестор салуда. Мектеп осы жылы пай­далануға беріледі. 4 апатты мектеп­тің құрылысы «Жайлы мектеп» пилот­тық ұлттық жобасына енгізілді. Сонымен қатар Шиелі ауданы Жансейіт елді мекеніндегі 100 орындық №133 мектеп­тің құрылысына жоба-сметалық құжат­тама әзірленді. Бұл құрылысты Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен қаржыландыру ұсынылды. Қызылорда қаласындағы 6 үш ауысымды мектеп бойынша былтыр Абай мектебіне 550 орын­дық, №101 мектеп-лицейге 375 орын­дық қосымша ғимарат құрылысы бас­талды. Аталған нысандар жаңа оқу жылын­да пайдалануға беріледі. Биыл пайда­лануға берілетін Жезқазған трассасы бойындағы 600 орындық мектеп есебінен үш ауысымды №261, 280 мектеп мәселелері шешімін табады. Сондай-ақ №264 мектеп-лицейге 550 орындық, №3 мектеп-лицейге 375 орындық қосым­ша оқу ғимаратының құрылысы биыл бас­талды» делінген әлеуметтік желідегі ресми парақшада.

Айта кетейік, аймақтағы 330 мектепте (295 мемлекеттік, 24 жекеменшік, 8 кешкі мектеп, 3 арнайы мектеп-интернат) 179 869 оқушы білім алуда. Жаңа 2023-2024 оқу жылында 1 сыныпқа 17 543 бала ке­ле­ді деп күтілуде.

«ТТ» ақпарат
25 шілде 2023 ж. 219 0