Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында ҰБТ аяқталды

Қызылорда облысында ҰБТ аяқталды

Қызылорда облысында 17 маусым мен 5 шілде аралығында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу өз мәресіне жетті. Облыс бойынша 7 506 оқушы мектеп бітірсе, сынақ тапсыруға ниет білдірген түлектердің 6 452-і немесе 87 %-ы ҰБТ-ға қатысты.

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу Қызылорда қаласы мен Жаңақорған және Қазалы аудандарындағы 3 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өту барысын қадағалау мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінен, Үкіметтік емес ұйымдар, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің өкілдері және қоғам белсенділері бар арнайы мониторингтік топ мүшелері бақылады. Сондай-ақ, ҰБТ жүргізілген әр аудитория арнайы бейнебақылау камераларымен жабдықталып, тестілеу барысы тікелей эфир арқылы көрсетілді.

ҰБТ қорытындысы бойынша тестілеуге тіркелген азаматтардың 87% емтиханға қатысты. 815 талапкер 100-ден жоғары балды жинаса, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр. Ал 416 тестіленуші 49 балдан төмен алып, шекті деңгейден өтпеген.

Айта кетейік, облыс бойынша ең жоғары 137 балды Қызылорда қаласы, №101 мектеп-лицейдің түлегі Омаров Дәулет иеленді. Сол секілді 133 балды Қазалы ауданының қос түлегі Әзен Аяулым мен Смағұл Іңкәр жинаса, Қармақшы ауданынан Қанибекова Қарақат 132 балға ие болды. Ал, Арал ауданының екі түлегі Әбдіхалық Аршын мен Жақсылықова Сымбат және №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернатының түлектері Бергенбекұлы Нұрдаулет, Қайырбек Шаһида, Дүйсенбек Ернұр 131 ұпай жинап, жоғары нәтиже көрсетті.



Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

07 шілде 2022 ж. 240 0