Грантқа үміткерлер қандай мамандықтарды таңдап жатыр

Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар» (22 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (11 мың) қалып отыр.
Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» - 9 мың.
Ары қарай «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» - 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында «Медицина», оны 4 мың талапкер таңдаған.
Естеріңізге сала кетсек, 20 шілде - грант конкурсына өтініш қабылдаудың соңғы күні.
Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асады.
Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.