Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қышқала қалашығында қазба жұмыстары жүргізілуде

Қышқала қалашығында қазба жұмыстары жүргізілуде

Сыр өңіріндегі Қышқала қалашығы – ерекше сәулет ескерткіштерінің бірі, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

XIII-ХV ғасырларда өмір сүрген қала орны 1243 жылдан бері Қышқала аталып келеді. Қышқала аталуының себебі – қала құрылысы күйдірілген қыштан құрылған. Ол Қызылорда облысының Қоғалыкөл ауылының маңында 3 шақырымға жуықтайтын жерде орналасқан. Жалпы аумағы 40-50 шақырымды құрайды. 

2018 жылдан бастап тарих ғылымдарының докторы Мадияр Елеуовтың жетекшілігімен «Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Қышқала қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу қызметі» тақырыбы бойынша археологиялық зерттеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Экспедицияға археологтар, жас ғалымдар және жергілікті ауыл тұрғындары тартылған. Сонымен қатар Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері қазба барысымен танысып, қатысуда. Экспедиция барысында қабырғасы ою-өрнекпен көмкерілген, бедерленген қыш кесектер, глазурленген күмбездің сынықтары түрлі-түсті мозайкалар, керамикалық қыш ыдыстардың сынықтары және зергерлік бұйымдар табылды. Жыл сайын Қышқала қалашығынан табылған жәдігерлер музей қорына қабылданып, аудан халқына таныстырылып келеді.
21 маусым 2023 ж. 433 0