Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 38 газет

14 мамыр 2024 ж.

№ 37 газет

11 мамыр 2024 ж.

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Әке – отбасы тірегі» атты спорттық сайыс өтті

«Әке – отбасы тірегі» атты спорттық сайыс өтті

Биыл елімізде алғаш рет маусым айының үшінші жексенбісі – Әкелер күні болып мерекелік күнтізбеге енгізілді. Жалпы отбасының беріктігі ер-азаматқа тікелей байланысты. Халқымызда әкені ерекше құрметтеп, мәртебесін жоғары қою дәстүрі орныққан, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Бүгінгі атаулы күнге орай қаладағы Тұңғыш Президент саябағында «Әке – отбасы тірегі» атты спорттық сайыс өтті. Сайыс мақсаты— әке мен балаларды бір мақсатқа жұмылдыру, отбасындағы береке-бірлікті нығайту. 

Шараға Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов қатысты. «Әкелер Одағы» ҚРҚБ Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Ержан Ескендір қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Әкелер күні тек мереке ретінде ғана атап өтілмеуі керек деп есептеймін. Өйткені ер-азаматтар өз отбасына көңіл бөлу, ұл-қызды тәрбиелеу арқылы ұлтты тәрбиелейді. Әкелердің мәртебесін көтеру және оларға қолдау білдіру баршамыздың парызымыз деп білемін. Бүгінгі сайысқа қатысушы барша әкелерге сәттілік тілеймін», - деді Ержан Ескендір.

Белсенді әкелер мен олардың балалары қатысқан спорттық сайыста түрлі салада қызмет ететін жалпы саны 18 команда (18 отбасы) өзара бақ сынасты. Олар ұлттық ойындардың бірі — «Асық ату» және "Көңілді эстафета» бойынша жарысты. 

Айта кетейік, Әкелер күніне орай 17-18 маусым күндері Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда әртүрлі форумдар, көңілді спартакиадалар, жиындар және танымдық кездесулер өткізілуде.
19 маусым 2023 ж. 174 0