Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы ретінде БЖЗҚ белгіленбек

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы ретінде БЖЗҚ белгіленбек

«Ұлттық қор – балаларға» жобасының операторы ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) белгіленбек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша көпжылдық тәжірибені және мемлекеттік дерекқорлармен жедел ықпалдасу мүмкіндігін ескере отырып, жоба («Ұлттық қор – балаларға») операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ны белгілеу жоспарланып отыр», – деді кейбір заңнамалық актілерге Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырған Үнзила Шапақ.

Оның атап өтуінше, БЖЗҚ:
– ақпараттық жүйеде нысаналы талаптарға қатысушылардың талаптарын есепке алу;
– нысаналы жинақтарды алушыларға жинақтау шоттарын ашу;
– нысаналы жинақтау шотындағы жинақтарды есепке алу;
– нысаналы жинақтарды төлеу;
– жеке тұлғалардың дербес деректерін Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен Дербес деректер субъектілерінің келісімінсіз жинау және өңдеу;
– БЖЗҚ интернет-ресурсы және электрондық үкімет веб-порталының жеке кабинеті арқылы нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың сомасы туралы мәліметтерді ұсыну функцияларына ие болады.

«Осылайша, қаралып отырған заң жобасы Мемлекет басшысының 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосуға қатысты тапсырмасын іске асыру үшін қажетті жағдай тудырады», – деді ол.
14 маусым 2023 ж. 325 0