Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қысқаша шолуды ұсынды
 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) инвестициялық қызметке қысқаша шолуды ұсынды, деп хабарлайды www.inform.kz
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) инвестициялық қызметке қысқаша шолуды ұсынды, деп хабарлайды www.inform.kz2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ– ның ҚР Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 10 798,31 млрд теңгені құрады», - делінген қор хабарламасында. 
1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарын өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 7,1% құрады, оның ішінде теңгемен көрсетілген – жылдық 8,7%, шетелдік валютада – жылдық 3,2%. 
БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінде негізгі үлес ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының еншісінде, олардың есептік айдағы ағымдағы құны 19,19 млрд теңгеге азайып, 4 368,01 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 40,45%. 
Шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының құны 226,42 млрд теңгеге кеміді және 1 235,06 млрд. теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі -11,44%. 
Халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларының құны 361,70 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі 3,35% құрады. 
ҚР екінші деңгейдегі банктеріндегі орташа мерзімді өтеу мерзімі 4, 64 жылды құрайтын салымдардың құны есепті айда 0,44 млрд теңгеге төмендеп, 254,91 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 2,36%. 
Шетелдік банктердегі депозиттердің құны 328,42 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 3,04% .
 Ұлттық банктегі депозиттердің құны 138 миллиард теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 1,28%. 
ҚР квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларының ағымдағы құны 1,13 млрд теңгеге кеміді және 1 604,96 млрд теңге көлемінде. Олардың портфельдегі үлесі 14,86% құрады. 
ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигацияларының ағымдағы құны 11,48 млрд теңгеге азайды және 1 183,29 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі -10,96%. 
Квазимемлекеттік сектордың шетелдік эмитенттерінің облигацияларының құны 232,50 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі - 2,15 %.
		










