Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Облыс әкімі Мүсірәлі мен Бақытжан Шөкеновтерді қабылдады

Облыс әкімі Мүсірәлі мен Бақытжан Шөкеновтерді қабылдады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әнші, композитор Батырхан Шөкеновтің бауырлары Мүсірәлі мен Бақытжан Шөкеновтерді қабылдады. Олар аймақ басшысына жаңадан жарық көрген әндер жинағын, ҚР Ұлттық банкі шығарған «Батырхан Шөкенов» коллекциялық монетасын және әнші туралы жарық көрген сұхбаттар мен мақалалар жинақталған кітапты табыстады.

Өз кезегінде, Нұрлыбек Машбекұлы Батырхан Шөкеновтің есімі еліміздің өнер тарихына алтын әріппен жазылғанын, туған жерінде оның жарқын бейнесі, көңіл сырын дөп басатын әндері ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

Айта кетейік,18 мамыр – Батырхан Шөкеновтің туған күні. Осы күні Б.Шөкенов атындағы саябақта еске алу іс-шарасы өткізіліп, композитор ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Еске салсақ, 2018 жылы 18 мамыр күні Қызылордада Батырхан Шөкеновтің ескерткіші ашылды. Алматы қаласының Бостандық ауданында әнші атымен аталған көше бар. Өткен жылы ҚР Ұлттық банкі Батырхан Шөкеновтің құрметіне арнайы естелік монетасын шығарды.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

21 мамыр 2023 ж. 208 0