Қазақстанда самокат қозғалысына қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін
Қазақстанда электр самокатпен жүретіндерге бірқатар талап қойылады. Мәжіліс депутаттары кейбір заңнамалық актілерге жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Заң жобасын парламент депутаттары әзірледі.
"Соңғы жылдары көшеде жаңа көліктердің, яғни электр самокаттардың, гироскутерлер мен монодөңгелектердің пайда болғанын көріп жүрміз. Бізге азаматтардан жаңа көліктердің жүрісін реттеу бойынша өтініштер үнемі түсіп жатады. Бұл, әсіресе, мегаполистерге қатысты. Электр самокаттардың жолдармен және тротуарлармен жүруі жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіп төндіруде", - деді заң жобасын таныстырған депутат Екатерина Смышляева.
Заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген. Алайда электр самокаттарға қатысты техникалық регламент тек 2022 жылы шілдеде қабылданды.
Заң жобасына сәйкес:
электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады;

жүру жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады;
электр самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады;
тротуарларда сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
"Тротуардағы жылдамдықты шектеу жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шектеулерді басқару қиын. Бірақ мұндай жылдамдық шамамен жаяу жүргіншілер легінің жылдамдығына тең және ол сырттай көзбен шолып анықталады", - деді депутат.
Сонымен қатар электр самокаттарға жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне рұқсат етіледі.
"Алайда бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Бұған қоса үстінде жарық шағылыстыратын киім және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет", - деп атап өтті Смышляева.
Сонымен қатар электр самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Электр самокат жүргізушілер жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек.
"Жалпы, көліктің осы түрін дамытудағы проблемалардың бірі – арнайы бөлінген жолдар мен жолақтар түріндегі қалалық инфрақұрылымның болмауы. Жекеменшік электр самокаттардың көбеюін, Қазақстан нарығында кикшеринг сервисінің пайда болуын ескерсек, осындай көлікке бейімделмеген, бұрыннан бар инфрақұрылымға түсетін жүктеме жақын арада артады. Сондықтан біз қала кеңістігін жоспарлауға, шерингтік компаниялардың жауапкершілігіне, көліктің жаңа түрін тіркеуге жергілікті атқарушы органдардың қатысуын қамтамасыз ету үшін реттеуші құралдардың екінші топтамасын әзірлеуге кірістік", - деді депутат.
Мәжіліс заңды қабылдап, сенаттың қарауына жіберді.