Келесі жылу беру маусымына дайындық қазірден басталмақ
Кеше Үкімет отырысында алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері талқыланды.
Үкімет отырысынан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министр берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында жиын өткізді.
Жылу беру маусымының қорытындысы және алдағы маусымға дайындық жөнінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов баяндады.
Аймақ басшысы облыс бойынша жылу беру маусымы тұрақты өткенімен, қыста тұрғындарды электр жарығымен, көмірмен қамтуда бірқатар мәселе туындағанын атап өтті. Қатты желден 1 сәуірде Әйтеке би кентіндегі жылу орталығының мұржасы құлап, апатты жағдай болды, 30-ға жуық елді мекенде жарық сөнді.

Осы мәселелерді ескерткен облыс әкімі келесі жылу беру маусымына дайындықты қазірден бастауды, қажетті отын қорын жинақтап, әлеуметтік нысандардың әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды. ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, ертеңнен бастап елімізде жанар-жағар май бағасының көтерілуі жоспарланған. Сондықтан азық-түлік пен құрылыс материалдарының бағасын күнделікті бақылауға алып, әр жағдайды жіті зерттеп, баса мән беру міндеттелді. Бұдан бөлек, жауапты мекемелерге облыс аумағында орналасқан 122 жанар-жағармай бекетінде, әсіресе «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының бойындағы бекеттерде күнделікті қордың болуын бақылау жөнінде тапсырма берілді.
Күн тәртібіндегі мәселеден бөлек жиында жастар және кәмелетке толмаған балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу барысы қаралды.
«Қазалы ауданындағы оқушылар арасында орын алған жағдай қоғамның қатаң сынына ұшырады. Мән-жайды анықтап талқылау үшін шұғыл жиын өтті. Нәтижесінде Қазалы аудандық полиция бөлімі бастығының қызметтік міндетіне толық сәйкес еместігі жөнінде салалық министрлікке ұсыныс берілді. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы орган басшыларының, білім беру ұйымдарының лауазымды тұлғаларының тәртіптік жауапкершіліктері қаралды. Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін екі ай бойы, тұрақты түрде күшейтілген режимде рейд ұйымдастыру керек», – деді облыс әкімі.
Облыстық білім басқармасына барлық мектептерде, колледждерде ата-аналар және білім алушыларға арналған түсіндірме шаралары мен жиналыстар ұйымдастыру тапсырылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі