Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№78 газет

14 қазан 2025 ж.

№77 газет

11 қазан 2025 ж.

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Халықтың жағдайы әлі күнге дейін жақсы емес. Тоқаев тапсырма берді

Халықтың жағдайы әлі күнге дейін жақсы емес. Тоқаев тапсырма берді

Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Бұл туралы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы алдымызда айрықша маңызды міндеттер тұрғанын айтты. Айтуынша, біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. 
Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді. Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды. Алайда, аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес, - деді Президент отырыста.
Тоқаев атап өткендей, құқықтық әділетсіздік белең алды. 
Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда Үкімет және Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет. Біз еліміздің белдеуін бекемдеп тартуымыз керек. Экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар, - деп атап өтті ол.


Фото: Тұрар Қазанғапов/tengrinews
29 наурыз 2023 ж. 482 0