Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 69 мың көлік заңдастырылды

69 мың көлік заңдастырылды

Елімізде шетелден 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген ав­то­көліктер заңдастырылып жат­қаны мәлім. Бұл жұмыстар биыл­ғы 23 қаңтардан бастау алды. Осыған байланысты ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі брифинг өткізіп, ресми ақпарат берді.

Ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев биыл 23 қаңтар мен 26 наурыз аралығында 69 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылғанын жеткізді. Оның ішінде 67%-ы (46 592) Ресей Федерациясынан, 19%-ы (13 424) Армениядан, шамамен 10%-ы (6 788) Қырғызстаннан, шамамен 2%-ы (1 296) Грузиядан жеткізілген көліктер.

Сонымен қатар бүгінде Ішкі істер министрлігі қосал­қы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдасты­ру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірлеген.

– Аталған жоба жария талқылаудан өтті, қазір біз оларды қорытындылап болғаннан кейін мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз. Одан кейін Үкіметке енгіземіз. Өтініштер барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және электронды сервис ар­қылы қабылданады. Сонымен қатар бұл жұмыстар азаматтарға арналған электрондық үкімет порталында және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосым­шаларында қолжетімді, – деді Ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қай­сар Сұлтанбаев.

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген авто­көліктерге автосақтандыруды заңдастыру аяқталған күнге дейін, яғни 2023 жылғы 1 шілдеге дейін рәсімдей алатынын ескерсек, әлі уақыт бар. Осы тұста аудан­да да көліктерін заңдастырып жатқан тұрғындар бар.

Айта кетейік, аудан кө­ле­міне Ресей мемле­кетінен 245, Грузия­­дан 1, Қыр­ғызстаннан 10, Армения­­ елінен 15 авто­көлік әкелінген.

«ТТ» ақпарат
28 наурыз 2023 ж. 339 0