Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Армения көліктерін тіркеу мерзімі тағы ұзартылды

Армения көліктерін тіркеу мерзімі тағы ұзартылды

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, – деп хабарлады Еgemen.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарын тіркеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта тіркеу шарттарына сәйкес 20 мыңнан астам автомобиль есепке қойылды. Сонымен қатар, 1 мыңнан астам автокөлік иелеріне өз автомобильдерін тіркеуге немесе оларды елден тыс жерлерге әкетуге мүмкіндік бермеген бірқатар объективті себептер бар.

Атап айтқанда, күрделі эпидемиологиялық жағдайға және карантиндік шектеулердің ұзаққа созылған сипатына байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулеріне байланысты автокөлікті Арменияға кері әкету проблемалары туындады.

Кейбір автокөлік иелері, сондай-ақ карантинге байланысты, аккредиттелген зертханаларда қайта жабдықталған автомобильдерге уақытылы сынақ жүргізе алмады, олар барлық өңірде жоқ.


28 ақпан 2021 ж. 1 144 0