Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде күн қайта суытады

Елімізде күн қайта суытады

 Синоптиктер 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Болжам бойынша, республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылауына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Орталықта, республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, негізінен қар күтіледі.

16 наурызда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында, 17-18 наурызда күндіз республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі, сондай-ақ көктайғақ, қар жауып, жел күшейеді. Онымен қоса тұман түседі.

«Температуралық фонға келетін болсақ, мұнда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі», делінген хабарламада.
17 наурыз 2023 ж. 350 0