Бала тәрбиесі – баршаға ортақ
Өткен аптада аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен аудандық мәдениет үйінде бала тәрбиесі мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында кеңейтілген кеңес өтті. Кеңес жұмысына облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, облыстың бала құқығы жөніндегі уәкілі, белгілі психолог Жапырақ Ұзақбаева, кент және ауыл әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, мектеп директорлары мен ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.
Кеңеске аудан басшысы модераторлық жасап, «Отбасы – тәрбие бесігі» атты бірлескен кеңестің бағдарламасын таныстырды.
– Өздеріңізге белгілі, қай кезде де ұрпақ тәрбиесінің еліміз үшін де, қоғам үшін де маңызы зор. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Тәрбиенің негізі – тәртіпте, ал тәртіп бар жерде нәтиже болады» деп айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз бірдей жауаптымыз. Сондықтан бүгін талқыланатын мәселенің маңызы зор, – деп бастады аудан әкімі.
М.Ергешбаев жақында облыс әкімінің қатысуымен осы тақырып бойынша үлкен жиын болғанына да тоқталды. Сол жиынның қорытындысы бойынша ата-анаға да, мектепке де зор жауапкершілік жүктелгенін жеткізді. Жауапкершілік пен ортақ міндет сапалы әрі уақытылы орындалу қажеттігін айтты.
Мұнан соң білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары мен алда атқарылатын іс-шаралар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков баяндама жасады. Бөлім басшысы жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы екенін айтып, ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты қалыптасатынын жеткізді.
– Баланың адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Осы ретте бүгін біз білім берумен қатар тәрбие сапасын көтеруге ата-анамен бірлескен іс-шаралардың тиімді тәсілдерін пайдалануды жандандырып, дамытуымыз қажет. Бұл бағытта ауданда біршама жұмыстар жүзеге асырылуда. Барлық білім беру ұйымдарында жүргізілетін «Дебат қозғалысы», «Мектеп парламенті», «Оқуға құштар мектеп», «Мектеп театры» жобалары бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткіздік. Креативті жобалардың есебінен ынталы оқушылардың саны артып, қазіргі уақытта құрамындағы балалар саны үш мыңнан асты. Мектептерде отбасылық құндылықтарды дәріптеу және оны сақтаудың маңыздылығына назар аудару мақсатында «Әкелер мектебі», «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі» мүшелерінің қатысуымен отбасын нығайту, шаңырақтың берекесін арттыратын әдет-ғұрыптар жайында көптеген шаралар өткізілуде. Сондай-ақ балалардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, шығармашылық шыңға жетуіне қосымша білім беру жүйесінің атқарар рөлі зор. Бүгінгі күні аудандағы 5 қосымша білім беру ұйымы мен оның филиалдарында 1389 бала қамтылған. Аудандық спортмектептеріне 1426 бала тартылған. Сонымен қатар мектептердегі үйірмелерге 3890 бала қатысуда. Соңғы жылдары республика көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық, топтық төбелес, қыз балалар арасындағы әлімжеттік, буллинг, кибербуллинг, электронды темекі шегудің белең алуына байланысты тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ерекше назар аударуымыз қажет, – деген Берік Жәнібеков мектептерде ерікті жасақшылар тобы құрылғанын айтты.
Топ мүшелері аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шаралары аясында 100-ден астам қоғамдық рейд ұйымдастырған. Дегенмен де түнгі уақытта ата-аналары немесе заңды өкілдерінсіз жүрген оқушылардың анықталуы азаймай тұр. Демек, ата-аналардың бақылауы мен қадағалауының жеткіліксіздігі байқалады.
– Жыл сайын кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзұшылықтың, суицидтің, зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында ведомствоаралық жоспар бекітіледі. Былтыр аяқталған 1 суицид фактісі орын алып, бірқатар жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктері қаралды. Білім бөлімімен бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, жүйеленген шаралар қолға алынды. Суицидтің алдын алу мақсатында мектептерде оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнамаға 4749 оқушы қатыстырылып, 24 оқушы «психологиялық қолдау» тобына есептілікке, 118 бала мектепішілік бақылауға алынды. 23 оқушы емханаға дәрігерлердің бақылауына жолданып, 7-і дәрігерге қаралған.
Мектеп оқушыларының 2-іне ем тағайындалды. Дәрігердің қарауына жолданған 14 оқушының ата-анасы келісім бермеген. Бұдан бөлек қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау бойынша мектептерде 17 әлеуметтік педагог арнайы оқудан өтті. Осал топтағы балалардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп келеді. 2022 жылы 10 отбасының 24 баласы сүйемелдеуге алынып, 80-ге жуық оқушыға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Салааралық байланыс арқылы 3 отбасы қиын жағдайдан шығарылды, – деді бөлім басшысы.
Былтыр Тереңөзек кенті мен Шаған, Айдарлы ауылындағы 4 бала Қызылорда қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылса, биыл Тереңөзек кентінде анасы вахталық жұмысқа кетіп, балаларының қараусыз қалуына орай 5 бала нағашы әжесінің қарауына уақытша беріліпті. Сондай-ақ 1 жасөспірім қыз анасының қадағалауынсыз қалып, бірнеше мәрте үйінен кетіп, қаңғыбастыққа салыну фактісі тіркелген. Осы мәселеге ерекше назар аударған бөлім басшысы қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – қыздар тәрбиесі екенін айтты.
– Соңғы уақытта мектеп жасындағы қыз балалар арасында келеңсіз жағдайлардың жиі орын алуы бізді алаңдатады. Бұл бағытта аудан әкімдігі, ішкі істер, денсаулық сақтау салаларымен бірлескен күшейтілген кешенді шаралар қабылданды. Кешенді түрде атқарылған шараларға қарамастан, 2022-2023 жылы мектеп оқушысына қатысты ерте жүктіліктің 2 дерегі орын алды. Осы орайда ата-ана отбасында қыз бала тәрбиесімен жете айналыспаса, біздің тарапымыздан жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі де жоғары болмайды дегім келеді. Сондықтан әр ата-ана оқушы қызының, ұлының тәрбиесіне, қызығушылығына ерекше мән беруі қажет. Балаларымызға «Ұстаз – екінші анаң» деп ақыл айтатынымыз рас. Алайда бала үшін ата-ана – бірінші ұстаз екенін естен шығарып алмауымыз керек. Әрине, жас өренді білімді, тәрбиелі етіп қалыптастыру барысында жауапкершілік жүгі ұстаздарға артылатыны түсінікті. Осы тұста ешбір мұғалім алдындағы балаға теріс әрекет үйретпейтінін, жаман әдетті жанына серік ет демейтінін қаперде ұстау керек. Сапалы білім, саналы тәрбие білім беру ұйымдарының негізгі міндеті болғандықтан оны үнемі өз деңгейінде жүргізу, жетілдіру ұстаздардан ұдайы талап етіледі, жауапкершілігі сұралады. Дегенмен, жұмыла көтерген жүк жеңіл. Арамыздағы бір жеткіншек бұралаң жолға түсіп, сағы сынса оған бәріміз бірдей айыпты сезінуіміз керек. Бірақ мектеп, ата-ана, ұстаз, жалпы қоғам болып осы бағытта жауапты жұмыс істесек, мұнымыз нәтиже берері сөзсіз, – деді Б.Жәнібеков.
Бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу екені белгілі. Осыған байланысты былтыр бөлімнің ұйытқы болуымен білім ордаларында оқушылар арасында туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу, қалпына келтіруге негізделген медиация қызметі іске қосылыпты. Сонымен қатар алдағы наурыз айында ата-аналар форумын өткізу жоспарлануда.
Мұнан соң облыстың бала құқығы жөніндегі уәкілі, белгілі психолог Ж.Ұзақбаева сөз сөйлеп, бүгінде баланы ата-ана емес, телефон, әлеуметтік желілер тәрбиелеп жатқанын айтты.
– Барлық мәселе бірінші кезекте ата-анаға байланысты. Өйткені, кез келген бала өмірге келгенде мұғаліммен, қоршаған ортамен емес, әуелі ата-анамен табысады, соның қарауында болады. Сөздің шыны керек, баласы өмірге келгеннен кейін 2-3 жасынан бастап қолына телефон беріп қоятын ата-аналар көп. Баласымен сөйлеспейтіндер, оның қызығушылығына мән бермейтіндер де көбейді. Бұл – өте қауіпті құбылыс. Тіпті, өте жұмысбасты ата-аналар кейде балаларының туған күнін де ұмытып кетіп жатады. Мұның бәрі көңіл бөлмеудің, баланы екінші орынға қоюдың салдары. Десе де біз балалардың құқығы тапталмауын, олардың жеке өміріне қол сұғылмауын, ар-намысына нұқсан келмеуін назарда ұстаймыз. Бұл бағытта облыста кешенді жұмыстар жүргізілуде. Кез келген мұғалім немесе ата-ана бала құқығы жөніндегі уәкілдің қызметіне жүгіне алады. Біз бала тәрбиесі үшін бірлесе жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз, – деді Жапырақ Бегімбайқызы.
Кеңесте кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары туралы аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғани Тұрсекеев баяндама жасады. Бөлім басшысы кәмелетке толмағандарға қарсы және олардың қатысуымен жасалатын қылмыстар, алкоголь, есірткінің зияны, ата-ананың бала тәрбиесіндегі, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі туралы дөңгелек үстелдер, сұхбаттар, кездесулер өткізіліп келе жатқанын айтты.
– Білім беру ұйымдарында арнайы әзірленген хабарламалар ілініп, мектептерде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. «Балалар қауіпсіздігі мен ата-аналардың жауаптылығы» тақырыбында жадынамалар таратылды. Өткізілген жедел профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде 2022 жылы жасөспірімдермен жасалған қылмыстар орын алған жоқ. Дегенмен профилактикалық жұмыстар барысында 112 құқықбұзушылық анықталды. Құқықбұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар бойынша оқу орындары мен мектеп директорларына «әкімшілік құқықбұзушылыққа ықпал еткен мән-жайларды жою» жөнінде аудандық білім бөліміне ұсыным хаттар жолданып, қабылданған шаралар жөніндегі жауаптары алынды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерін орындамаған тоғыз ата-анаға әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті әкімшілік шаралар көрілді. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруіне жол берген 6 кәсіпкерге, оларға темекі бұйымдарын сатқан бір дүкен иесіне әкімшілік хаттамалар толтырылды. Құқықбұзушылық жасағаны үшін 9 жасөспірім және бала тәрбиелеудегі өзінің міндеттерін орындамаған екі ата-ана қолайсыз отбасы ретінде профилактикалық есепке алынды. Есепте тұрған қолайсыз отбасы және жасөспірімдермен жеке дара профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Есепті мерзімде жасөспіріммен жасалған қылмыс болмағанымен кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар үш есеге көбейген. Атап айтқанда, үш жол-көлік оқиғасынан 3 жасөспірім қайтыс болған, 1 жыныстық қол сұғушылық қылмысы да есепке алынды, – деді бөлім басшысы.
Ғ.Тұрсекеев жасөспірімдердің қылмыс жасауына ата-ана тарапынан тиісті қадағалау мен бақылаудың жоқтығы, тәрбие жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуі, отбасының әлеуметтік жағдайының төмен болуы жиі әсер ететін факторлар екенін айтты. Бұл орайда жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын қылмыстың барлығы сабақтан тыс уақытта болғандықтан, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды ұсынды.
– Өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда ғаламтор желісінде барлық ақпаратқа қол жеткізуге болады. Сонымен қатар бала телефон арқылы ересектерге арналған контенттерге немесе түрлі зиян сайттарға қосыла алады. Оның ішінде, суицидке, құмар ойындарына апаратын сілтемелерді біздің тарапымыздан қадағалау мүмкін емес. Сондықтан ата-аналар балалардың әлеуметтік желілерде қандай парақшаларда отырғанын қадағалау қажет. Полицияның басты міндеті – қылмысты ашу ғана емес, оның алдын алу, болдырмау. Сол себепті ата-аналар, ұстаздар анықталған немесе белгілі болған құқықбұзушылықтарды дереу ішкі істер органдарына хабарлау керек. Келешегін ойлаған мемлекет жас ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарамайды. «Ел болам десең – бесігінді түзе» деген нақыл сөз бар. Сол себепті тек бірлесе еңбек ету арқылы ғана біз өскелең ұрпағымыздың тәлім-тәрбиесіне бағыт-бағдар беріп, балалардың бақытты болашағын қалыптастыра аламыз, – деп қорытты аудандық полиция бөлімінің басшысы.
Кеңес барысында білім саласының ардагері, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұлмекен Жанәлиева бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі тақырыбында өз пікірін ортаға салды. Ардагер «Бала тәрбиесіне қоғам жауапты. Ал қоғамға мектеп те, ата-ана да, үлкен де, кіші де кіреді» деп бұрынғы кезбен қазіргі заманның ерекшеліктеріне тоқталды. Балалардың әр күнін емес әр сағатын бақылаусыз қалдыруға болмайтынын айтты. Тиісті мекемелер тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарды нәтижелі болуы үшін қоғам болып осы жұмысқа оң көзқарас таныту қажеттігін атап өтті.
Кеңесте облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет күн тәртібіндегі мәселенің маңызы, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Басқарма басшысы кеңестің мәні мен маңызы ерекше екенін айтып, балаға тәлімді тәрбие мен лайықты білім беруде баршаның ұстанымы бір, мүддесі ортақ болу керектігіне тоқталды.
– Өткен аптада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен «Отбасы – тәрбие бесігі» тақырыбында ата-аналар мен білім беру саласы қызметкерлерінің кеңейтілген кеңесі өтті. Басқосуда аймақ басшысы бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жас ұрпаққа лайықты тәрбие беру мәселесіне қатысты алдымызға нақты міндеттер қойып, ата-аналармен бірлескен кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі десек, мемлекет пен қоғамның басты мұраты – жас ұрпақтың болашағын баянды ету. Осы ретте Мемлекет басшысы өткен жылды «Балалар жылы» деп жариялап, атаулы жылға айрықша маңыз берді. Мерейлі жылы Сыр өңірінде ауқымды жобалар жүзеге асырылып, аймақ басшысының бастамасымен демеушілердің қолдауы есебінен облыс бойынша 80 спорт-ойын алаңы салынды. Былтыр 18 балабақша, 6 мектеп ашылып, 2 апатты білім беру ұйымының мәселесі шешілді. Үкімет басшысының Сыр еліне жасаған сапары барысында 300 орындық жатақханасы бар 400 орынға лайықталған «Физика-математика» бағытындағы мектеп-интернат салу жобасы қолдау тапты. Биыл «ҚазГерМұнай» компаниясы Қызылорда қаласында заманауи 350 орындық Оқушылар сарайының құрылысын бастайды. Алдағы жаңа оқу жылының қарсаңында 150 орындық екі мамандандырылған мектеп дарынды балаларды қабылдайды, – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
Айта кету керек, соңғы жылдарда облыста бала туу көрсеткіші артқан. Осыған байланысты мектеп, балабақша салу жұмыстарына жеткілікті деңгейде мән берілуде. Алдағы 3 жылда 64 балабақша ашу жоспарлануда. Осылайша, 11 мыңға жуық бүлдіршін балабақшамен қамтылатын болады. Бұған қоса биыл 940 орындық 4 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салынады деп нақтыланған. Оның жалпы құны 98 млрд теңгені құрайды. Аймақта жеке мектептердің де саны артуда. Қазірдің өзінде өңірде 21 жеке мектеп жұмыс істесе, алдағы 3 жылда инвесторлар 12 мектеп салуға ниет білдіріп отыр. Осындай жақсы жаңалықтармен бөліскен басқарма басшысы білім саласындағы жүзеге асқан және алдағы уақытқа жоспарланған бұл жобалар ел болашағы – балалар үшін жасалып жатқанын, сондай-ақ өкінішке орай, осындай игілікті істермен қатар, ұрпақ тәрбиесіне қатысты алаңдатарлық жағдайларымыз бар екенін айтты.
– Соңғы уақытта оқушылар арасында құқық бұзушылық, өз-өзіне қол жұмсау, ерте жүктілік, ойынқұмарлық, топтық төбелес және әлімжеттік жағдайлары жиі көрініс беруде. Өткен жыл көлемінде облыс бойынша кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстық құқықбұзушылық 36,7%-ға, топтық қылмыс 30,8 %-ға төмендеген. Кәмелетке толмағандармен жасалған ең көп құқықбұзушылық Қызылорда қаласында тіркелсе, ұрлық бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Қазалы, Арал ауданында, сонымен қатар, Шиелі, Жаңақорған аудандарында орын алған. Кәмелетке толмағандар арасында суицид бойынша былтыр облыста 8 аяқталған суицид, 5 ұмтылыс жағдайы тіркелді. Айта кету қажет, жалпы жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсауы жағдайына білім беру мекемелерін кінәлі ету жиі ұшырасып жатады. Өз кезегінде білім беру ұйымдары уақытылы суицидалды балаларды анықтап, медицина мекемелеріне жолдайды. Алайда, ата-аналар көп жағдайда балаларының ары қарай емделуіне қарсылық білдіріп жатады. Әрине, мұның салдары өте ауыр екені белгілі. Мәселен, өткен жылдың өзінде өз-өзіне қол жұмсауы ықтималдар санатына енген 137 баланың ата-анасы балалардың емханаларда жүйелі ем алуына қарсы болған. Заңдылықтарға сәйкес, білім алушыларға ата-анасының келісімінсіз ем тағайындалмайды. Бұл мәселені байыпты шешуде тек ұстаздар мен емхана қызметкерлеріне иек арту орынсыз деп ойлаймын. Өйткені, ұрпақ тәрбиесінде отбасының, ата-аналардың жауапкершілігі қашанда маңызды. Сондықтан келеңсіз жайттардың алдын алу бойынша аудандық білім бөлімі денсаулық сақтау саласының жергілікті жердегі мамандарымен бірлесіп, дәрігерге көрінуден бас тартқан отбасыларды аралап, ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын кең көлемде жүргізуі қажет, – деді басқарма басшысы.
М.Шермағанбет Сыр өңірі қашандақазақылық пен салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған аймақ екеніне тоқталып, қоғам болып зорлық-зомбылық, ерте жүктілікті болдырмау және оның алдын алуда кешенді іс-шаралар жүзеге асыру қажет екенін айтты. Ол үшін зиялы қауым өкілдері, ардагер аналарымыздың өмірлік тәжірбиесін кеңінен пайдаланып, ұрпақтар арасындағы сабақтастық дәстүрі негізінде тәлімгерлік институтының жұмысын жолға қоюды ұсынды. Осы ретте отбасыжәне мектеп ынтамақтастығын арттыруға күш салу білім саласының ғана емес, баршамыз бірлесіп атқаратын абыройлы міндет екенін жеткізді.
Кеңесті қорытындылаған аудан әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді. Оның ішінде аудандық білім бөліміне мектептерде тәрбие жұмыстарын жетілдіру бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдап, «Әкелер кеңесінің», «Аналар мектебінің», ата-аналар комитетінің жұмысын жандандыруды жүктеді. Сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, жергілікті жерде жасөспірімдердің тәрбиесі мен құқықбұзушылығына қатысты бірлескен ведомствоаралық жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ал аудандық полиция бөліміне жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқықбұзушылық, кибербуллинг әрекеттері мен заңсыз ойын орындарына тосқауыл қою бағытында жұмыстарды күшейту қажеттігін ескертті. Аудандық мәдениет және спорт бөліміне балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды үйлестіру бойынша бірлескен кешенді шаралар қабылдауды тапсырса, аудандық ауруханаға саламатты өмір салтын қалыптастыру, балалар мен жасөспірім қыздардың денсаулығын нығайту бағытында денсаулық картасы әзірлеуді міндеттеді. Сонымен қатар кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жеңілдетілген несиелер берулер арқылы тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша нақты жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігін қаперге алу керектігін жеткізді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп түрлі санаттағы отбасыларға талдау жасап, әлеуметтік карта әзірлеп, ұсыныс енгізуді тапсырды. Сондай-ақ аудандық қоғамдық даму бөліміне отбасы құндылығы, бала тәрбиесі туралы бейнероликтер әзірлеп, жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру жүктелді.
– Жұмыла көтерсек, жүгіміз де жеңіл, жұмысымыз да нәтижелі болмақ. Ендеше, баршаңызды ұлт мүддесі жолында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын, – деп қорытындылады аудан әкімі кеңейтілген кеңесті.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ