Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Байқоңырдан «Электро-Л» метеорологиялық спутнигі ұшырылды

Байқоңырдан «Электро-Л» метеорологиялық спутнигі ұшырылды

Бүгін, 5 ақпанда Астана уақытымен 15 сағат 12 минутта ДМ-03 үдеткіш блогі және «Электро-Л» спутнигі бар «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды.

Биылғы алғашқы ұшырылымның тікелей трансляциясы Роскосмос әлеуметтік желілерінде көрсетілді. Айлақтың 81-алаңынан «Протон-М» ұшырылымы штаттық режимде өтті. Байқоңырда күн бұлтты болды. Алайда, 20 тоннадан астам жүкті орбитаға жеткізуге қауқарлы ең қуатты зымыранның ұшырылу сәті – қызықты көрініс.

Циклограммаға сәйкес, зымыран-тасығыштың бірінші сатысы ұшудан кейін екі минут өткен соң, екінші басқышы үш минуттан кейін ажырады, оныншы минутта ДМ үдеткіш блогі спутникпен бірге бөлінді.

Алты жарым сағат ішінде үдеткіш блоктың үш қосылымы болуы керек, соның арқасында «Электро-Л» спутнигі орбитаға шығады.

С. Лавочкин атындағы ҮЕҰ жасаған «Электро-Л» гидрометеорологиялық спутнигі – осы ресейлік ғарыш аппараттары тобындағы төртіншісі. Спутниктің салмағы – 2,1 тонна, орбитаның биіктігі – шамамен 36 мың шақырым.

05 ақпан 2023 ж. 317 0