Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Дариядағы жағдай жіті бақылауда

Дариядағы жағдай жіті бақылауда

Бүгін аудан әкімі М.Ергешбаев аудан аумағындағы Сырдария өзенінің бойындағы қорғаныс бөгеттерінің жағдайымен танысты.

Бүгінде елді мекендер мен стратегиялық маңызы бар нысандардың айналасындағы ахуал тұрақты. Жағдай қатаң бақылауға алынған.

Қазіргі таңда Тереңөзек кентінің тұсынан 370 текшеметр су өтуде, мұз толық ұстасып тұр және су дария арнасынан шықпаған.

Аудан басшысы тиісті сала басшыларына дария бойындағы жағдайды күнделікті қатаң бақылауға алу мақсатында, арнайы бекітілген кестеге сәйкес кезекшілікті тұрақты жүргізуді тапсырды.

Жалпы айта кететін болсақ, аудан аумағында Сырдария өзенінің ұзындығы 75 шақырымды құрайды. Су тасқынының алдын алу мақсатында дария бойында жауапты 8 мекемелер мен 30 арнайы техникалар бекітілген.
03 ақпан 2023 ж. 594 0