2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқынының алдын алу шаралары

Су тасқынының алдын алу шаралары

Қазіргі таңда «Сырдария» өзенінен аудан аумағындағы бөлігінен 400 текше метрге жуық су өтуде, бұл былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 4 есеге көп суды құрап отыр.

Осыған орай, дария бойындағы аумақтарға арнайы мекемелер бекітіліп тұрақты бақылауға алынған.

Бүгін аудан әкімі М.Ергешбаев төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Сырдария» өзені бойына бекітілген жауапты мекемелердің базасындағы арнайы техникалардың жағдайымен танысып, дайындықтарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Жалпы айта кететін болсақ, аудан аумағында Сырдария өзенінің ұзындығы 75 шақырымды құрайды. Су тасқынының алдын алу мақсатында дария бойында жауапты 8 мекемелер мен 30 арнайы техникалар бекітілген.
14 қаңтар 2023 ж. 843 0