Қызылордада тұрғын үй-құрылыс комбинаты салынуда
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордада тұрғын үй-құрылыс комбинатын салу жұмыстарымен танысты.
«Строительно-транспортная компания» ЖШС жүзеге асыратын бұл нысан 2022 жылдың қаңтар айында басталған. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жоба құрылтайшысы «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы 370 млн. теңге несие алып, құрылысын бастады. Жалпы құны – 2 млрд. 600 млн. теңге, 2 230 млн. теңге – инвестордың өз қаражаты есебінен салынған.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталған, комбинат сәуір айында жұмысын бастайды. Нысан іске қосылғаннан кейін өндірісте 90 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Тұрғын үй-құрылыс комбинаты еден плитасы, жол плитасы, іргетас блоктары, маңдайша, таспалы іргетас, баспалдақ, темір бетон тіректері сияқты темір бетон және тауарлы бетон өнімдерін шығаратын болады. Жоба жылына 27 мыңға жуық м3 темір бетон және 70 мыңға жуық м3 тауарлы бетон өнімдерін өндіруге қуатты.

Аймақ басшысы нысанды аралап, баспана салу өңір үшін аса маңызды екенін атап өтті және құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі