Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа көші-қон ережелері: Кімдерге шектеу қойылады?

Жаңа көші-қон ережелері: Кімдерге шектеу қойылады?

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Елімізде 27 қаңтардан бастап жаңартылған көші-қон ережелері күшіне енді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстанға визасыз келген шетелдіктер біздің елде 30 күн бола алады. Бірақ алты ай ішінде олардың жалпы болу мерзімі 90 күннен аспауы керек, - деп түсіндірді ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек.


Сондай-ақ елге Еуразиялық экономикалық одақтан келгендерге қойылатын талаптың өзгергеніне тоқталды. 

Қазақстанға келген ЕАЭО азаматтары сәйкесінше 180 күн ішінде 90 күннен аспайды. Ереженің бұрынғы редакциясында бұл мәселе реттелмеген және шетелдіктер болу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстаннан тыс жерлерге барып, сол арқылы «болу мерзімін жаңарту арқылы» қайта кіре алатын еді. Елде болуды шектейтін бұл ережелер уақытша тұруға немесе визаға рұқсатты рәсімдеген шетелдіктер үшін қолданылмайды, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Айтуынша, ереже «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 6-бабына сәйкес келтірілген.

Ережеге енгізілген өзгерістер 27 қаңтардан бастап елімізге келген шетелдіктерге қатысты болады. Қазақстанға кірген кезде белгіленген және рұқсат етілген болу мерзімінен асып кету фактісі анықталған жағдайда, Шекара қызметі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 48-бабына сәйкес елге кіруді шектейді, - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі.


Фото: qazaly.kz
30 қаңтар 2023 ж. 349 0