Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарға жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 13 адам жазылды, оның біреуі онлайн режимде мәселесін жеткізді.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік бағытта көмек сұрап, денсаулық сақтау саласына, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті қолдау, оқу ақысы мәселесіне қатысты сауалдар көтерді.

Облыс әкімі баспана беру заң аясында кезек тәртібімен берілетінін баса айтып, тұрғындардың сұранысын ескере келе көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс қарқыны артқанын және уақытша тұрғын үймен қамту жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Қабылдауларда көтерілетін мәселелер заң тәртібімен және кезең-кезеңімен шешілетініне ден қойып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Еске салсақ, осы уақытқа дейін облыс әкімі 26 жеке қабылдау өткізіп, 600-ге жуық тұрғынның өзекті мәселесіне ден қойды.

Бұған дейін аймақ басшысы Президент Жарлығы аясында аймақтың барлық ауданы мен Қызылорда қаласында құқық қорғау органдары басшыларымен бірге халықпен кездесіп, кезектілік тәртібімен аудан, қала тұрғындарын жеке қабылдады. Былтырғы жыл көлемінде облыс әкімі мен құқық қорғау орган басшылары жалпы алғанда 1000-ға жуық азаматтың өтінішін тыңдап, ұсынысына құлақ асты.

@Облыс әкімінің баспасөз қызметі
15 қаңтар 2023 ж. 388 0