Облыс әкімі тұрғындармен онлайн форматта тілдесіп, мәселелерін тыңдады
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қабылдау кезегінде тұрған тұрғындарды жеке мәселелері бойынша Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қабылдады.
Аймақ басшысы кезек ретімен түрлі сауалдары бар 14 азаматтың мәселесін жеке-жеке қарады. Тұрғындар облыс әкіміне әлеуметтік жағдайлары бойынша, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық, жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікке қолдау көрсету мәселесі және өзге де салаларға қатысты сауалдарын жеткізді.
Облыс әкімі қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін тыңдап, әрбірін саралай келе сала басшыларына тапсырма беріп, заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Еске салайық, өткен жылы облыс әкімі 135 тұрғынды қабылдады. Оның ішінде тұрғындардан келген өтініш-шағымдардың басым бөлігі баспана алу, медициналық көмекке жүгіну, әлеуметтік, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері қаралды.
Айта кету керек, облыс әкімінің азаматтарды жеке онлайн қабылдауы бірнеше тәртіпте қаралады. Тұрғындардың арыз-шағымы:
1.egov арқылы
2.е-otinish бірыңғай базасы
3.suraqtar.kz порталы арқылы қабылданады. Өтініш иесі кезектілікке қойылады және реттілігі бойынша онлайн форматта шақырылады.