Синоптиктер ескертеді

Осы аптада ел аумағында күн райы аязды болды. Бұл жағдай алдағы аптада да сақталмақ. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең антициклон ықпал етеді. Негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп, тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады.
«Елдің батысында ауа температурасы түнде 9-19-дан 5-17-ге дейін шамалы көтеріледі, түнде солтүстік-батыста 13-28 аяз, солтүстікте 10-23 аяз, орталықта 17-28 аяз, шығыста 18-32 аяз болады» деп хабарлайды синоптиктер.
Оңтүстік өңірлерде де аяз ызғары білінеді. Қызылорда өңірінде түнде ауа температурасы -11°C, -13°C-қа дейін төмендеп, суық болады. Ал күндіз ауа температурасы -5°C, -8°C көрсетіп күн ашық болады. Жауын-шашын күтілмейді. Десе де, желдің қатты ұйытқуы адамды әбігерге салуы мүмкін. Сондықтан синоптиктер әркез жылы киініп жүруді ескертеді.
«ТТ» ақпарат