Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады

Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады

Синоптиктер елімізде қыстың екінші айында ауа райы қандай болатынын болжады.

Мамандардың мәліметінше, қаңтар айының басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жоғары қысым аймағының әсері сақталады. Осыған байланысты аязды, аз бұлтты ауа райы болжанады. Алайда еліміздің батыс аймақтарына солтүстік циклон жырасының тереңдеуімен, жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ күтіліп отыр. Циклон жырасының шығыс бағытта ығысуына байланысты республиканың қалған аумағында да ауа райының тұрақсыз сипаты болуы мүмкін. Осы орайда синоптиктер солтүстік өңірлерде бұрқасын, екпінді жел, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтілетінін жеткізді. Ауа температурасының солтүстік жартысында түнде -17-28°С-тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, оңтүстік жартысында күндіз +5+12°С-қа дейін, елдің батысында -3+2°С-қа дейін біртіндеп жоғарылауы болжанады.


Мамандар бірінші онкүндіктің ортасында еліміздің аумағына кезекті суық антициклон әсер ете бастайды, деп отыр. "Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы байқалып және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, ал бірінші онкүндіктің соңында және Қазақстанның шығысында түнгі сағаттарда термометр бағандары -17-32°С-қа дейін, оңтүстік жартысында -3-13°С-қа дейін, батысында -8-23°С-қа дейін төмендейді", - дейді синоптиктер. Ауа райын болжаушылар мұндай ауа-райы ұзаққа созылмайтынын атап өтті.

Өйткені батыстан антициклонның орнына Скандинавия аймақтарынан циклон қайтадан ауысады. Консультативтік ауа райы болжамына сәйкес, 2022 жылғы қаңтардың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының бірінші онкүндіктегі сияқты жиі өзгеруі күтіледі, аязды күндер жылы күндермен ауысады, қар жауады, бұрқасын мен екпінді жел болжанады, Қазақстанның оңтүстік жартысында негізінен жауын-шашын көктайғақ құбылыстары мен тұман құбылыстары болады деп күтіледі. Иран аудандарынан республиканың басым бөлігіне жылы ауа массаларының шығарылуымен ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1-2° жоғары болады деп болжанады, тек елдің солтүстік-батыс бөлігіне циклонның биік жырасының жиі әсер етуімен ауа температурасы климаттық норма шамасында болуы ықтимал. "Жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың, шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында нормадан көп болады деп күтілуде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстік-батысында нормадан аз", - деді синоптиктер.

Циклондық әрекет және антициклонның суық енуінің жиі әсерінен бір ай ішінде ауа температурасының ауытқуы болжанады: Қазақстанның солтүстік жартысы мен батысында түнде -25-35°С тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -15-25°С тан -5+5°С-қа дейін. Қазақстанның оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында түнде -10-28°С тан  -5+5°С-қа дейін, күндіз -5-10°С тан +5+15°С-қа.
02 қаңтар 2022 ж. 267 0