Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Күміс жас жобасы: 50-ден асқан азаматтарға қандай жұмыстар ұсынылады

Күміс жас жобасы: 50-ден асқан азаматтарға қандай жұмыстар ұсынылады

Елімізде 50 жастан асқан азаматтарға арналған жоба іске қосылды. Мақсат – зейнет жасына жақындап қалған жандарды қолдау және еңбекпен қамту. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оларға қандай жұмыс ұсынылатыны жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін «Күміс жас» жобасы 60 жастан асқандарға қарастырылып келді. Биылдан бастап 50 жасқа дейін төмендетілді. Осылайша, жобаға қатысушылар аясы кеңейтілді. Жалпы, жұмыссыздардың дені – үйде бала күтімімен отырып қалғандар немесе түрлі себептермен еңбек ету мүмкіндігі болмағандар. «Күміс жас» жобасының мақсаты – зейнет жасына жақындап қалған жұмыссыз азаматтарды қолдау. Біз оларға жеке көмекші, әлеуметтік қызметкер, атаулы әлеуметтік көмек бойынша немесе еңбекпен қамту орталықтарында консультант болуды ұсынамыз. Демек, әлеуметтік сала бойынша жұмысқа орналастырамыз, -деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің сөзінше, ендігі уақытта «Күміс жас» жобасы аясында 50-ден асқан жандарға білім және денсаулық саласы бойынша бос жұмыс орындары ұсынылмақ.

Айта кетейік, «Күміс жас» жобасы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Бұған дейін министр атаулы әлеуметтік көмек аясында берілетін азық-түлік себетін ақшаға ауыстыру себебін түсіндірген еді.

Бұған дейін «Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан адамдарды жұмысқа алу тәртібі туралы жазылған болатын.
13 қаңтар 2023 ж. 517 1

Chana от 9 маусым 2025 15:35
Thanks a lot, I like this! casino en ligne francais Truly a good deal of very good knowledge. casino en ligne Wow plenty of great knowledge! casino en ligne You actually expressed this fantastically! meilleur casino en ligne Thanks a lot, A good amount of postings! casino en ligne fiable Thanks! I enjoy this! casino en ligne francais Fantastic stuff, Appreciate it. casino en ligne You actually stated it superbly! casino en ligne You actually revealed that wonderfully! casino en ligne France This is nicely said! . casino en ligne