Аудан әкімі ауыл шаруашылық және су мамандарымен кездесті
Аудан әкімі М.Ергешбаев ауыл шаруашылық және су мамандарымен кездесіп, көлдер мен шабындық-жайылымдық жерлерді суға толтыру жұмыстарының барысын талқылады.
Қазіргі таңда Сырдария өзеніне су молынан келуде. Оны тиімді пайдалану, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында аудан көлеміндегі көлдер мен шабындық-жайылымдық жерлерді суға толтырып алу өте маңызды шаралардың бірі.

Осы жұмыстарды ұйымдастыру өткен жылы басталған болатын. 2022 жылы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында аудан көлеміндегі көлдер мен шабындық-жайылымдық жерлерге 300,0 млн текше метр су көлемі беріліп, барлығы - 3220 гектар жерлер суландырылды (Қараөзек арнасы – 1435 га, Шіркейлі каналы – 430 га, Айтек каналы –30 га, Жетікөл-Жарма каналы – 570 га, Елтай каналы – 550 га, Соркөл каналы – 150 га, Ботабай каналы – 55 га).
Қазіргі таңда экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Қараөзек арнасымен – 88,0 текше метр, Жетікөл-Жарма каналымен 2,50 текше метр, Жаңадария каналымен – 20,0 текше метр, Жаңа арық каналымен – 3,0 текше метр, Ботабай каналымен – 1,0 текше метр су жіберілуде.