Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жоғары сынып оқушылары аттестатқа қоса колледж дипломын да ала алады - министр

Жоғары сынып оқушылары аттестатқа қоса колледж дипломын да ала алады - министр

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев техникалық және кәсіптік білім берудегі маңызды өзгерістерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Техникалық және кәсіптік білім беруде колледждер базасында жоғары сынып оқушыларына жұмыс біліктілігін беру бойынша пилоттық жобаны іске қосамыз. Бұл оқуды аяқтағаннан кейін оқушыларға мектеп аттестатымен қатар колледж дипломын алуға және еңбек нарығына шығуға мүмкіндік береді», - деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, биылғы жылдан бастап, басқа қаладан келген студенттерге растайтын құжаттарсыз демалыс уақытында жол жүру үшін өтемақы (4 АЕК) төленетін болады.

Сонымен бірге, колледж басшылары көшбасшылық және менеджмент бойынша біліктілігін арттырады.
12 қаңтар 2023 ж. 568 0