Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Туу көрсеткіші тұрақты

Туу көрсеткіші тұрақты

Мемлекеттің басты құнды­лығы – адам және адам өмірі. Ал дүниеге кішкентай сәбидің келуі қай отбасы үшін де қуа­ныш сыйлары анық. Жаңа өмір, жаңадан бүр жар­ған ғұ­мыр. Алдағы өмірі қан­дай еке­ні, маңдайына не жазыл­ғаны белгісіз. Тек жақын-жуық пен ата-ана ақ тілегін арнап, ғұмы­ры бақытқа толы болуын тілеп жатады. «Қос тойың қатар кел­сін» демекші, балаңыз мереке күндері дүние есігін ашса, қуа­нышың екі еселене түсері анық.

Жаңа жылдық мереке күндері облыс бо­йын­ша барлығы 58 нәресте дүние есігін ашқан. Оның 30-ы қыз бала, қалған 28-ді ер балалар құрайды. Жыл басталған алғашқы сағаттарда егіздер дүниеге келген. Екеуі де қыз бала. Ата-анасы жаңа өмірдің жаршысы, өмірге келген сәбилерге ұқсастырып Балназым және Гүл­назым деп ат қойған.

Ал 2023 жыл басталғалы ауданда барлығы 5 нәресте туған. Оның біреуі – қыз бала, қалғаны – ер балалар.

– Аудан бойынша бала туу көрсеткіші жақсы деңгейде деп айта аламыз. Жыл басынан бері дүниеге келген сәбилердің жағдайы тұрақты. Алдыңғы жылы ауданда 402 сәби дүниеге келсе, 2022 жылы 312 бала туған. 2021 жылы 197 қыз, 205 ұл дүниеге келсе, былтыр 162 қыз, 150 ұл бала туылды. Екі жылы да бір-бір егіз дүниеге келді. Ана мен бала денсаулығы – бас­ты назарда. Осы арқылы елдегі демографиялық ахуал тұрақты жақсаруда, – дейді аудандық аурухананың перзантхана бөлімшесінің аға аку­шері Света Әленова.
А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
07 қаңтар 2023 ж. 379 0